Бақалтақ қырандартуысы- жыртқыштар отрядының құрамында бес түрі бар қаршығатұқымдастарға жататын құстар туысы. Бұларды қаршыға қырандар деп те атайды. Бұлар қанаты, құйрығы және табаны ұзын, дене бітімі әдемі құстар. Олардың аяғына саусақтарына дейін қауырсын қаптап өскендіктен, ағылшынша атауы Booted Eagle деп те аталған (сөзбе-сөз аударғанда-аяқкиімді қырандар). Қазақстанда бір түрі- бақалтақ қыран кездеседі. Біздің аумақтың оңтүстігінде өмір сүретін қаршыа қыранның кездесуі туралы дәлелденбеген мәлімен бар. Пайдаланған әдебиет мектеп энциклопедиясы "Құстар", Ковшарь
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бақалтақ қырандар туысы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.