Татыр шөп (Шағыртікен ) - күрделі гүлділер тұқымдасының бір туысы. Уөбіне екі жылдық, кейде көпжылдық шөптес өсімдіктер. Биологиялық анықтамасы Сабағының биіктігі 50-150 см, жоғарғы жағы тармақталып өседі. Жапырағы үлкен, қалың, шеті тікенекті. Гүл шоғыры - себет. Жемісі - тұқымша, ірі, сопақша келген. Тұқымы шілде-қыркүйекте піседі. Таралуы мен өсетін жерлері Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп. Көбіне Европаның Ортажер теңізінің маңындағы елдерде, Солтүстік Африка, Канар, Кавказ, Батыс және Орта Азия елдерінде таралған. Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Татыр шөп жол бойында, далада, қыратты жерлерде өседі. Зияны Шабындық және егіншілікке зиянды, сондықтан оны тұқымы піскенге дейін шауып тастап, жерді терең жырту керек. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 588 бет Түрлері Оның 40-қа жуық түрі бар, көп тараған түрі - Тікенді татыршөп. Onopordum acanthium L. - Тікенді татыршөп Onopordum acaulon L. Onopordum anatolicum Boiss. & Heldr. ex Boiss. Onopordum bracteatum Boiss. & Heldr. Onopordum carduchorum Bornm. & Beauverd Onopordum caricum Hub.-Mor. Onopordum cynarocephalum Boiss. & Blanche Onopordum illyricum L. Onopordum leptolepis DC. Onopordum nervosum Boiss. Onopordum nogalesii Svent. Onopordum seravschanicum Tamamsch. Onopordum tauricum Willd. Onopordum turcicum Danin
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Еуразия флорасы Санат:Африка флорасы