Туркменбаши шығанағы (), 1997 жылға дейін Красноводск шығанағы — Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауындағы шығанақ.
Құрлыққа 46 км сұғына еніп жатыр. Жалпақтығы орта тұсында 46 км, теңізге шыға берісінде 18 км. Красноводск және Солтүстік Челекен құм қайырлары теңізден Красноводск шығанағын бөледі. Оңтүстік-шығыс жағасы аласа, солтүстігі таулы, шығанақтармен (Бекович, Сойманов, Солтүстік Челекен) қатты тілімделген.
Физиографиясы Жалпы ауданы 1000 км2. Тереңдігі 3-5 м. Суының температурасы қыста 0°C, шілде-тамызда 32°C-қа жетеді. Тұздылығы 14-15 ‰. Шығанақтың солтүстік батыс бөлігінде Красноводск порты орналасқан.Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 66 бет
Дереккөздер
Санат:Каспий теңізі шығанақтары Санат:Түрікменстан шығанақтары