Генрих Цилле(10.01.1858,Саксония,Радебург, - 09.08.1929, Берлин) - неміс суретшісі, литография шебері.Темір ұста отбасысында туған. 1872-1907 жылдары жұмысшы - полиграф болып қызмет етті. 1924 жылдан Социалды партияның, 1924 жылдан Германия Коммунистік партиясының мүшесі. Берлиннің жұтаң тұрмысын бейнелейтін, кезінде кең тараған Цилле еңбектері өткір байқампаздық пен уытты мысқылға толы болды. Суреттері Суретшінң "Менің ортам"(1918),"Көше балалары"(1912) т.б. картиналары әлеуметтік қарсылық сезімдеріне бөленген. 1906 жылы К.Маркс портретін жасады. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 80 бет
Санат: 1858 жылы туғандар Санат: 1929 жылы қайтыс болғандар Санат:Немістер Санат:Суретшілер