Манаши – Шығыс Каспий алабындағы өзен.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 42 км, жалпы ұзындығы 47 км болатын 4 саласы бар. Ірісі - Ақсай.

Бастауы Бастауын Манашисор сорының солтүстік-батысынан алып, Өліқолтық сорына құяды.

Гидрологиясы Жоғарғы арнасының жағалау биіктігі 18 м-ге жететін жарқабақты кемерлі, орта ағысында жарлауытты, одан төменде биіктігі 15 м кемерлі-жарқабақты келген. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен толығады. Суы ащы. Бастау маңында Борқұдық құдығы, одан төменде Көгел тауы орналасқан. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы өзендері Санат:Каспий теңізі