‎ Қосқорған бөгені — Түркістан облысы Түркістан қаласы аумағында, Қарашық өзенінің бойында салынған. 1982 жылы пайдалануға берілді.

Гидрологиялық сипаты Бөген теңіз деңгейінен 372 м биіктікте жатыр. Аумағы 5,8 км2, су сыйымдылығы 36 млн./м3. Бөген суы Түркістан қаласының техникалық қажеттілігіне және қала аумағына қарасты елді мекендердің шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Түркістан облысы гидрографиясы