Тапсырмалар тақтасы - компьютер экранының төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ . Тапсырмалар тақтасын жылжытуға болады. Ол үшін тышқанның нұсқағышын тапсырмалар тақтасының бос орнына орналастырып, оның сол жақ батырмасын шертіп және оны жібермей басып отырып, Тапсырмалар тақтасының контурын қажетті орынға апарған соң тышқан батырмасын жіберу керек.
Тапсырмалар тақтасының сол жағында Іске қосу батырмасы бар. Windows XP жүйесінде бұл өте маңызды батырма. Оның функциялары көп, мысалы, программаны іске қосуға, құжатты ашуға, жүйе баптауын өзгертуге, анықтамалық мәліметтер алуға, қажетті файлды іздеуге және көптеген басқа әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Дереккөздер Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 7 - сыныбына арналған оқулық. 3-басылымы, өңделген. - Алматы : Атамұра, 2012. - 224 бет. ISBN 978-282-421-6