Насьонал () — Фуншал қаласындағы португал футбол клубы.
Тарихы Клуб 1910 жылдың 8 желтоқсанында Антонину Фигуэйра инициативасымен Nacional Sport Grupo атымен құрылды. 1916 жылы Насьонал алғаш рет турнирге қатысты. Бұл кезде клуб National Athletic Group аталды. 1922 жылы қазіргі атауын өзіне алды.
thumb|Паулу Асунсан - клубтың 2002-03 жж. маусымдағы басты ойыншысы
Насьонал 90-шы жж. Португалия чемпионатында ойнады, қайтадан сол жарысқа 2002-03 жж. маусымда қайта оралды. Келесі маусымда клуб чемпионатта 4-ші орын алды. Клубтың сол маусымдағы басты ойыншылары - Паулу Асунсан, Адриано Портуға өтсе, Мигелито Бенфикаға өтті. Насьонал осы маусымда Кубоктың ширек финалына дейін жетті.
2008–09 жж. маусымда Насьонал тағыда Брагадан асып 4-ші орын алды. Клуб Кубокта да жартылай финалға дейін жетті.
2009–10 жж. маусымда Насьонал Зенитты ұтып топтық кезеңге шықты. Топтық кезеңде клубқа Атлетик Бильбао, Аустрия Вена және Вердер Бремен қарсы ойнады.
2014–15 жж. маусымда Насьонал Еуропа лигасында Динамо Минскке жеңіліп қалды (есеп 2:5) . Кубокта клуб жартылай финалға дейін жетті.
Дербилер
Насьоналдың басты қарсыласы боп Маритиму саналады. Тарихи Маритиму алғашқы жылдары Насьоналға қарағанда жақсырақ өнер көрсететін. Бірақ 2000-шы жж. қарай клубтардың деңгейі теңесе бастады.
Мадейра дербиі () клубтардың жанкүйерлерінің мәдениет пен өмір салты айырмашылығына байланысты шықты. Насьонал жанкүйерлері Маритиму жанкүйерлеріне қарағанда жоғары әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне ие, Мадейра сауда кеңейту компаниясында лоббистер болып жұмыс жасайтын, ал Маритиму жанкүйерлері негізінен жұмыс классынан тұрған. Бұл жағдай клубтарының арасындағы дұшпандық өсірді.
Клуб ресми жанкүйерлер ультрастары thumb|Насьонал жанкүйерлері "Força Alvi-Negra" Feminina do Nacional "Grupo Os Alvi-negros" "Grupo Os Preto-e-Brancos" Juventude Alvinegra "Go Nacional"
Жетістіктері Ұлттық титулдар Португалия екінші дивизионы Жеңімпаз (1): 1999–00
Аудандық титулдар Мадейра чемпионаты Жеңімпаз (8): 1934–35, 1936–37, 1938–39, 1941–42, 1942–43, 1943–44, 1968–69, 1974–75
Мадейра Кубогы Жеңімпаз (6): 1943–44, 1944–45, 1973–74, 1974–75, 2001–02, 2007–08
Басқа титулдар Рамон де Карранса атындағы турнир Жеңімпаз (1): 2012
Ойыншылар Негізгі құрам Құрам 2015 жылдың 4 наурызына қарай
Жалдауда
Персонал ҚызметіАты-жөніПрезидент Руи АлвешБас бапкер Мануэль МачадоБапкер көмекшісі Базилиу Маркес Жозе АугустоҚақпашылар бапкері Эмидиу Жуниор
Дәйекнеме
Санат:Португалия футбол клубтары