Қайрат Қаратайұлы Жүнісов (11 наурыз 1963 ж.т., Сарысу ауд. Саудаукент а.) - сазгер, әнші. 1984-91 ж. Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтын бітірген. Халыққа танымал "Қарындасыма", "Қыз-қызғалдақ", "Ықыластың қобызы", "Алматының түндері-ай" әндерінің авторы. Әскери-патриоттық әндер шығарумен айналысады, 2 жинақ шығарған. ҚР Қорғаныс министрлігінің ансамблінде қызмет атқарады. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Республикалық "Үкілі үміт" сазгердер байқауында бас жүлдегері, Сочи қаласында өткен ТМД елдерінің әскери ән байқауының жүлдегері. Дереккөздер Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, Алматы 2003 Санат:Тұлғалар Санат:1963 жылы туғандар
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қайрат Қаратайұлы Жүнісов · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.