Ботаникалық сипаттамасы Шық шөп – биіктігі 10 – 25 см ,ұсақ жәндіктермен қоректенетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Тамыры жіп секілді жіңішке. Жапырақтарының сағақтары ұзын, пішіні домалақ, шеттері бүтін. Оның үстіңгі бетте қызыл түсті сөл бөліп шығаратын ірі бедерлері бар. Ұсақ жәндіктер жапырақтың бетіндегі сөлге қызығып қоған кезде сөл бедерлерінің шеті жиырылып жабылады да, жәндікті бойына сіңіріп «жеп» қояды. Жәндікті қорытып болған соң бедерлер қайтадан ашылып, жанадан сөл шығарады. Жалпы жапырақтың үстіңгі беті көзге қызыл болып көрінеді. Гүлдері – ақ түсті, майда, олар сабақтың ұшында шоғырланып тұрады. Гүл тәжісінің жапырақшалары бесеу. Өсімдік маусым – тамыз айларында гүлдейді. Табиғатта таралуы Республикамыздың батпақты – сазды, құмды жерлерінде өседі. Дәрәлік шикізат ретінде шық шөптің тамырынан басқа бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды. Химиялық құрамы Өсімдіктің жапырағы мен гүлінің құрамында дрозерон, плумбагин деген нафто – хинон тобына жататын заттар бар. Содай – ақ оның құрамында түрлі ферменттер, пигменттер, 1,5 пайыз шамасында танин, аздаған ғана мөлшерде алма, лимон, аскорбин қышқылдары болады. Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында оның тұнбасымен өкпесі, өңеші қабынып, жөтелетін малды, төлді емдейді. Бұзау мен құлынға орташа берілу мөлшері – 0,5 – 1 грамм. Қозыларға тұнба 5 – 10 мл мөлшерінде күніне 3 – 4 рет ішкізіледі.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шық шөп · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.