Өндірістік зақым - азаматтың өндірістік үдеріске байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты қабілетсіздікке ұшырауы.
Мемлекет тарапынан көмек Өндірістік зақым салдарынан жұмысшыға келтірілген залал үшін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауаптылық жүктеледі. Мүгедектікке ұшырағандарға мемлекет тарапынан тағайындалатын зейнетақы зақымданушының еңбек өтілі көлеміне қарамастан белгіленеді.
Толықтырып төлеу Егер тағайындалған зейнетақы мүгедектікке дейінгі жалақыдан төмен болса, залал келтірген кәсіпорын жалақыға дейінгі соманы толықтырып төлеуге міндеттеледі.
Санат:Өндіріс