Қарасор — Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Әулиекөл ауданында ораналсқан, Бейімбет Майлин ауданына қарасты Мақсұт ауылынан солтүстікке қарай 4 км-дей жерде, теңіз деңгейінен 184 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Күрделі пішінде көлдің аумағы 25,3 км2, ұзындығы 11,6 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұзындығы 38,8 км.
Жағалау сипаты Көлдің жағалауында қамыс, құрақ өскен. Шығыс жағалауы жарқабақты (биіктігі 10 м-ге жетеді). Көктем айларында және суы мол жылдары батысындағы шағын көлдермен бірігіп кетеді. Алабының басым бөлігі жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Әулиекөл ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы