Первицкий Владимир Яковлевич (18.12.1928 жылы туған, Чаплыгин хуторы, қазіргі Краснодар өлкесі, Кавказ ауданы) - ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашыл-механизаторы. Владимир Яковлевич Первицкий звеносының жұмыс тәжірибесі колхоз, совхоздың кеңінен қолданылуда. КПСС 23-съезінің делегаты, 6-сайлау СССР Жоғарғы Советінің депутаты.
Өмірбаяны 1959 жылы - Кубан ғылыми-зерттеулік институтының трактор және ауыл шарушылығы машиналарын сынау тәжірибе шаруашылығында механикаландырылған звено жетекшісі 1961 жылы - Социалистік Еңбек Ері 1962 жылы - РСФСР-дің еңбек сіңірген механизаторы 1962 жылдан - КПСС мүшесі 1968 жылы - Владимир Яковлевич Первицкийдің звеносы жүгері өсіру жұмысын толық механикаландырып, 1631 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде 606 гектар жерге жүгері егіп, әр гектарынан 63,6 центнер собық жинады
Марапаттары Ленин комсомолы сыйлығын алды, Ленин ордені, Октябрь Революциясы ордені, басқа 2 орденмен және медальдармен марапатталды.Минуты и центнеры, Краснодар, 1961Выращивем кукурузу без затрат ручного труда, Ростов н/Д., 1962Золотое дно. М., 1964Комплексная механизация возделывания и уборки кукурузы. М., 1964Қазақ совет энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері