Перцов Виктор Осипович (01.07.1898 жылы туған, Харьков - 09.02.1980) - совет әдебиет сыншысы, ғалым. Виктор Осипович Перцовтың негізгі еңбегі В.В.Маяковский шығармашылықтарына арналған.

Өмірбаяны 1922 жылы - Москва университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін бітірді. 1921 жылдан - жаза бастады. 1929 жылы - «Ертеңгі күннің әдебиеті» атты алғашқы кітабы шықты. 1937 жылы - «Совет әдебиеті туралы этюдтер» 1946 жылы - «Ерлік және қаһарман. Совет әдебиеті туралы этюдтер» (1958, 1961) жылдары - «Жазушы және жаңа шындық» , 1969 жылы - «Айбарлы жылдардың ақындары мен жазушылары» т.б. кітаптарын жариялады. (1969 - 1972) жылдары «Маяковский. Өмірі мен творчествосы» атты күрделі зерттеуі 1973 - СССР Мемлекеттік сыйлығын алды

Марапаттары Виктор Осипович Перцов «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Сыртқы сілтемелер Виктор Осипович Перцов Үлкен совет энцилопедиясынан

Әдебиеттер Гончаров Б., Плодотворное исследование, «Знамя», 1970, №7.Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:КСРО ғалымдары