Қаскелең – Іле Алатауындағы асу.

Географиялық орны Қазақстан (Алматы облысы Қарасай ауданы) мен Қырғызстан шекарасы аралығында орналасқан.

Жер бедері Биіктігі 3716 м. Іле Алатауының солтүстігіндегі Қаскелең өзенінің жоғарғы аңғарынан Қаскелең арқылы Шоң-Кемін өзенінің саласы Оңтүстік Қаскелеңнің бастауынан соқпақ жол өтеді. Асуда жыл бойы қар жатады. Тәңір тауын алғашқа зерттеуші П.П.Семенов-Тян-Шанский 1856 жылы осы асудан өткен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Іле Алатауы Санат:Қырғызстан асулары