Төртуыл кейде Төртұл — Орта жүз Найман тайпасынан тараған ру. Шежіре деректеріне қарағанда Төлегатай (Төлетай) бірлестігінен Қаракерей, Мұрын, Матай, Төртуыл болып тарайды. Төртуыл: Тоқан, Тоғыз болып екіге бөлінеді.
Қазан революциясына дейін Төртуыл ұрпақтары Қара Ертістің екі жағасын мекендеген бір болыс ел болған. Мұның бір старшыны Ертістің оң жағын, қалған 8 старшыны сол жағын, оңтүстігі Зайсан бекінесіне дейін қыстаған.
Төртуылда 1373 түтін (үй), 7761 адам болған. Төртуылдар Қаратал, Сарыбұлақ, Қарабұлақ, Ақарал, Қарған өзендерінің бойын; Жеменей, Көкжота, Маңырақтау аңғарларын, Бозайғыр, Құмтөбе құмдарын қыстап, Ақжайлау, Соналы т.б. таулы жарлерді жайлағанВостров В.В., Муканов М.С., Родоплеменной состав и расселение казахов, А.-А., 1968Муканов М.С., Этнический состав и расселение казахов среднего жуза, А.-А., 1974Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 1-том. Тұлғалар Керімбай Жапалақұлы Фатих Дінисламов Демежан Кешубайұлы Берік Уәли Қабдеш Жұмаділов
Дереккөздер
Санат:Қазақ рулары