thumb|right|200px|Диего Корралес Диего Корралес (, 25 тамыз 1977, Сакраменто, АҚШ - 7 мамыр, 2007 жыл, Лас-Вегас, АҚШ) — америкалық кәсіпқой боксшы, жартылай орта салмақта өнер көрсетеді (Featherweight). ХБФ (IBF), ББҰ (WBO), ББК (WBC) тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы. Өзінің салмақ дәрежесіне сай емес көрсеткіштерге ие: бойы 179 см.

Әуесқой мансабы 1995 жылы Корралес Берлиндегі әлем чемпионатында өнер көрсетіп, бірінші айналымның өзінде-ақ турнирдың қожайыны Марко Рудольфке есе жіберді. Алғашқы екі раундта қарсылас Диегоға тура екіліктермен қысым көрсетуге тырысты. Американдық қарымта шабуылдарға арқа сүйеп, жылдам әрі жеңіл сериялық соққылармен жауап қатуға тырысты. Бастапқы раундта Рудольф дәлірек болды (4:2). Алайда екінші үшминуттықта Корралес денесіне анау-мынау соққыларды өткізбей, неміс боксшысының тура джебтерін бейтараптандырды. Өзі де бірнеше сәтті шабуылдарды ұйымдастыра алды. Американдықтың сәтті іс-әрекеттері өзінің жемісін беріп айқас біршама теңескен болатын.

Санат:АҚШ боксшылары Санат:1977 жылы туғандар Санат:25 тамызда туғандар Санат:2007 жылы қайтыс болғандар Санат:7 мамырда қайтыс болғандар Санат:Автокөлік апатынан қайтыс болғандар