thumb|250px|Еуропа олимпиадалық комитеттеріне кіретін Еуропа мемлекеттері Еуропа ойындары () — Еуропалық құрлықтың атлеттері арасында өтетін аймақтық халықаралық комплексті спорттық жарыс, Еуропа олимпиадалық комитеттері (ЕОК) әр төрт жылда бір рет ұйымдастырмақ халықаралық жарыс. Бірінші Еуропа ойындары 2015 жылы 12-28 маусым аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтті.
Алғашында тек Жазғы ойындарды өткізу жоспарланған, дегенмен қысқы Еуропа ойындарын өткізу туралы ұсыныстар да бар.
ЕОК мүшелігіне орай, Еуропалық ойындарға Еуропада орналасқан жалпы шақырылған мемлекеттер (тек Ватиканнан басқасы), тағы да кішігірім Ресей, Түркияның еуропалық бөліктері , Еуропаға кішігірім бөлігі кіретін Әзірбайжан және Грузия, және Азияда толықтай орналасқан Армения, Кипр, Израиль, және кіші бөлігі кіретін Қазақстан қатыспайды.
Тарихы
Басқа құрлықтардың өз ойындары бар. 2011 жылы XVI Панамерикадық ойындар Мексикада өтті, XII Панараб ойындары — Катарда және X Африка ойындары — Мозамбикте. XVI Азия ойындары 2010 жылы Қытайда өтті.
thumb|left|270px|Баку — бірінші Еуропа ойындары өтетін қала 2011 жылы сәуірде Еуропалық олимпиада комитетінің президенті Патрик Хики Еуропа ойындарын өткізу туралы ұсыныс білдірді, оған барлық Олимпиадалық спорт түрлері кіретінін жария етті. Хикидің ұсынысын Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге де қолдау білдірді. Егер ұсыныс сәтті болса ойындар, жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты және жүзуден Еуропа чемпионаты сияқты жеке шараларға қосымша шара ретінде, немесе оларды ауыстыру мүмкіндігі жоспарланды. Хикидің айтуынша 49 еуропалық ұлттық олимпиада комитеттерінің 47-сі оның шешімін құп алған. Алғашқы демеушілердің қимылын Хики «колоссалды» деп деп мәлімдеді. Сол кезде бірінші Еуропа ойындарын 2015 жылдың маусымында өткізу жоспарланды.
Жылдар және өткен жерлер
ОйындарЖылАшылу рәсіміЖабылурәсіміҚалаМемлекетМемлекетсаныСпорттүрлерініңсаны I201512 маусым28 маусымБаку5020 II2019 14 маусым 30 маусым Минск Беларусь белгісіз30
Спорт түрлері Еуропа ойындары бағдарламасына енгізілген спорт түрлері келтірілген. 2015 жылы Ойындардың ресми сайтына сəйкес ,жарыстар спорттың 30 түрінен келтірілген.
20px|Бадминтон Бадминтон 20px|Баскетбол Баскетбол 3х3 20px|Бокс Бокс 20px|Күрес Күрес Еркін күрес Грек-рим күресі Әйелдер еркін күресі Велоспорт 20px|Велоспорт Шосселік жарыстар 20px|Велоспорт Маунтинбайк 20px|Велоспорт BMX Су спорты түрлері 20px|Су полосы Су добы 20px|Жүзу Жүзу 20px|Суға секіру Суға секіру 20px|Синхронды жүзу Синхронды жүзу Волейбол 20px|Волейбол Волейбол 20px|Жағалау волейболы Жағалау волейбол 20px|Байдаркада және каноэде есу Байдаркада және каноэде есу Гимнастика 20px|Акробатика Акробатика 20px|Аэробика Аэробика 20px|Батутада секіру Батутта секіру 20px|Спорттық гимнастика Спорттық гимнастика 20px|Көркем гимнастика Көркем гимнастика 20px|Дзюдо Дзюдо 20px|Карате Каратэ 20px|Жеңіл атлетика Жеңіл атлетика 20px|Жағажай футболы Жағажай футбол 20px|Үстел теннисі Үстел теннисі 20px|Самбо Самбо 20px|Ату Ату 20px|Садақ ату Садақ ату 20px|Триатлон Триатлон 20px|Тхэквондо Тхэквондо 20px|Фехтование Семсерлесу
Қайнары