Бұйдас — Ұлы жүз Дулат ішіндегі Ботбай руынан тараған ата. Ботбай руының шежіресінде Бұйдас кірме аталады. Дулат ішіне қайдан келіп, қашан сіңгені белгісіз. Бұйдастың Дулатқа ғана түгел қосылғаны айқын, өйткені қазақ, қырғыз, қарақалпақ ішінде басқа Бұйдас жоқ. 19ғ-дың аяғы—20 ғ-дың басында Бұйдас елі Жетісу өлкесінің Әулиеата, Сырдария, Верный уездерін мекендеген.Қазақ Совет Энциклопедиясы, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, Алматы, 1972 ж. 2-том.

1970-жылдарға дейін Бидас руының өкілдерінің қонысы Гранитогорск ауылынан шамамен 4 шақырым төмен орналасқан Қызыл Еңбек деген жерде болған. Алайда 1970-жылдары кеңестік кезеңде өндірістік және әкімшілік орталық Нововоскресеновка ауылында орналасқандықтан, жұмыс орындары мен инфрақұрылымның сол жерде шоғырлануына байланысты ру өкілдерінің басым бөлігі осы ауылға қоныс аударды.

Қазіргі уақытта(2026 жыл) Бидас руының өкілдері Андас батыр (бұрынғы Нововоскресеновка) және Қостоған ауылдарында тұрады. Андас батыр ауылында Бидас руына тиесілі шамамен жүзге жуық шаңырақ бар, бұл ауыл рудың негізгі қоныстарының біріне айналды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Қазақ рулары