Болатбай мекенжұрты — Қоғам ауылының солтүстік-батысында 7,5 км жерде, Марданкүйік қалажұртынан оңтүстік-батысқа қарай 1,7 км қашықтықта орналасқан, 1-8 ғасырларға жататын археологиялық мекен. Сипаты Географиялық координаттары: 42Т 437101 UTM 4749661. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының отряды (К.М.Байпақов, Д.А.Воякин) зерттеген. "Алаңқайлы төбе" типіндегі ескерткіш. Сопақша келген, диаметрі 80 м, биіктігі 4 м төбе. Төбеге оңтүстік-шығыстан көлемі 80×80 м, биіктігі 1,5 м алаң жапсарласады. Алаң бетінде екі төбе байқалады. Негізгі төбе мен оған жапсарлас аумақтың беті қатты күйген. Мұнда кесектің күйген сынықтары табылды. Барлық керамика түрлері Қостөбе (оңтүстік) керамикасымен бірдей.Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы, Отырар ауданы, Алматы 2007
Дереккөздер