Сарыайдын — Сарыөзен алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан шығысқа қарай 2 км жерде, Сарыөзеннің сағасында орналасқан. Теңіз деңгейінен 6,0 м төмен.
Гидрографикасы Аумағы 5,95 км2, ұзындығы 3,5 км, ені 2,3 км, жағалауының ұзындығы 12 км. Жаз айларында Сарыайдынның суы тартылып қалады. Жағалауы шабындық және жайылым.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы көлдері