«Мұз дәуірі 4: Құрлықтардың жылжуы» () — АҚШ мемлекеті шығарған толықметражды мультфильм. Ресейде 2012 жылы 12 шілдеде 2D және 3D форматында айналымға енді. Мультфильмді Blue Sky Studios студиясы жасап шығарса, ал айналымға енуіне 20th Century Fox компаниясы жауап берді. Мультфильм мұз дәуірі жайлы алдыңғы: «Мұз дәуірі», «Мұз дәуірі 2: Ғаламдық жылыну» және «Мұз дәуірі 3: Динозаврлар кезеңі» фильмдерінің жалғасы болды. Сериялардың тарихында алғаш рет режиссер өзгерді: ол Стив Мартино болды. Тағы бір жаңалық Персик атты мамонттың дауысы пайда болды. Оны Кики Палмер дыбыстады. Фильмнің АҚШ еліндегі премьерасы 2012 жылы 13 шілдеде болды. Мультфильмге саундтректі The Wanted тобы жасады.
2014 жылғы мамырдағы статистикаға сүйенсек «Мұз дәуірі 4» фильмі ең түсімді толықметражды мультфильмдер арасында 8 орында тұр.Мұз дәуірі 4
Түсірілім тобы Режиссерлары — Стив Мартино, Марк Трумейер Продюсерлері — Лори Форте, Джон С. Донкин Сценарийшілері — Майкл Берг, Джейсон Фучс, Майк Рейсс Операторы — Ренато Фалькао Композиторы — Джон Пауэлл Суретшісі — Нэш Данниган Монтаж жасағандар — Джеймс Палумбо, Дэвид Йен Сэлтер Сиквел 2013 жылы желтоқсан айында 20th Century Fox және Blue Sky Studios компаниялары Мұз дәуірі франшизасының бесінші бөлігінің жасалынып жатқанын жариялады. Фильмнің премьерасы 2016 жылы 15 шілдеде болады.
Саундтрек
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:Мультфильм сиквелдері Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер Санат:2012 жылғы фильмдер Санат:Карлос Салдана фильмдері Санат:Blue Sky Studios мультфильмдері