Құмдыкөл — Сергеев бөгенінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево ауылының батысында 16 км жерде орналасқан. Есіл өзені алабында. Теңіз деңгейінен 165 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,1 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,5 км. Көктемгі еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қараша айында суы қатып, сәуір айының 2-жартысында ериді.
Жағалау сипаты Жағалауы жазық келген. Солтүстігінде Шошқалы, оңтүстік-батысында Жақсы Жаркөл, оңтүстік-шығысында Әлпаш көлдері жатыр. Алабының басым бөлігі жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Тимирязев ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы