Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші.

Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан.

Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.Дидар Қамиевпен сұхбат Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.

Марапаттары 2002 ж. — Көкшетау қаласында өткен «Кемел ойлы хан Кене» атты республикалық жыршы­ жыраулар сайысында 1-орын ; 2005 ж. — Байғозы батырдың 300 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық жыршы­жыраулар сайысында 1-орын; 2006 ж. — Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы­эпосшылар фестиваліне қатысып, арнайы медальмен марапатталған; 2008 ж. — Маясар Жапақұлына арналған республикалық айтыста 1-орын; 2008 ж. — Павлодар қаласында өткен М.Ж. Көпейұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде; 2008 ж. — Алматы облысы Панфилов ауданының 80жылдығына арналған республикалық айтыста 1-орын; 2008 ж. — Алматы қаласында өткен «Алашыңды ардақта» атты республикалық айтыста 1-орын; 2009 ж. — Қызылорда қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде ; 2009 ж. — Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында Бас жүлде; 2009 ж. — Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80жылдығына арналған «Маржаны Сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста Бас жүлде; 2010 ж. — Астана қаласының 12 жылдығына орай өткен республикалық жас ақындар айтысында 1-орын; 2011ж. — Шымкент қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Бас жүлде; 2011 ж. — Алматы облысы Ұзынағаш ауданында өткен, Ж. Жабаевтың 165 жылдық мерейтойына орай өткізілген республикалық айтыста 1 орын; 2011 ж. — Қостанай облысы, Амангелді ауданында өткен республикалық айтыста 1-орын иеленген. 2013 ж. — Қарағанды облысында өткен Жидебай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыста Бас жүлде 2013 ж. — Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткен республикалық айтыста Бас жүлде 2013 ж. — Астана қаласында өткен «Жырың болып төгілемін» атты республикалық айтыста 1-орын 2015 ж. — Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай өткізілген республикалық айтыста Бас жүлде 2015 ж. — Павлодар қаласында өткен Батыр Баянның 300 жылдығына арналған айтыста Бас жүлде

Дереккөздер

Санат:Шет ауданында туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Айтыс ақындары