Кішіқұм ауылдық округі — Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Шілікті, Ақеспе, Қарашоқат, Шоқысу ауылдары кіреді. Орталығы - Шілікті ауылы. Округ құрамында болған Сарыдүлек, Шағыр ауылдары 2019 жылы таратылған.Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1769 адамды (923 ер адам және 846 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Округте 4 мектеп (2 орта, 1 негізгі, 1 бастауыш), дәрігерлік емхана, мәдениет үйі, 44 шаруа қожалығы, АТС, кітапхана, 8 жеке кәсіпкер және темір жол мекемелерінің бөлімдері бар.

Тарихы Бұл жерде бұрын "Ақкөл", "Қараша", "Қазақстанның 30 жылдығы", "Ворошилов" ұжымшарлары болған. 1964 жылы "Тоғыз" кеңшары ашылды. 1997 жылда бастап кеңшар негізінде 2 өндірістік кооператив және 6 шаруа қожалықтары құрылды, қазір олар саны - 44. Округтен Социалистік Еңбек Ері Н.Қобыландин, жазушы С.Мыңжасарова шыққан. Кеңестік дәуірге дейін бұл жерде Теректі, Толағай деген 2 болыстық болған. Теректі болысына қарайтын қазіргі "Опытный" деген жерде каучук шикізатын дайындайтын Сағыз тәжірибе бекеті ашылып, оны Ж.Таушанов басқарған"Шалқар" энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Шалқар ауданы ауылдық округтері