Қарабалық — Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы кент, аудан және Қарабалық кенттік әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде, Тоғызақ өзенінің бойында орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 11 768 адам (5573 ер адам және 6195 әйел адам) болса, 2009 жылы 11 080 адамды (5336 ер адам және 5744 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қарабалық ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері