Қорғанкөл — Нұра алабындағы көл. Шыбынды көлінің оңтүстік-шығысында.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ақбел ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 570 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 2,9 км2, ұзындығы 2,3 км, енді жері 1,8 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 км, ең терең жері 3 м, су массасының көлемі 4,70 млн. м3. Жағалауы батпақты, қамысты келген. Еріген қар және жауын-шашын суларымен толысады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы көлдері Санат:Нұра су алабы