Боткин Сергей Петрович (1832-1889) — медицинада физиологиялық бағыттың негізін қалаушы. Клиникалық зерттеу барысында функционалды әдістерді кеңінен қолданған, алғаш рет практикалық тәсілмен жиналған материалды ғылыми талдаудан өткізу қажеттігін атап көрсеткен ғалым-терапевт.

С.П.Боткин қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі кезінде диастолалық шуылдың жақсы естілетін нүктесін тапқан. Вирусты гепатиттың инфекцияның әсерінен пайда болатынын алғаш ашып, медицинада елеулі жаңалық енгізіп, кейін бұл ауру ғалымның атымен аталды (Боткин ауруы).Б.Н.Айтбембет "Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы" кітабынан

Ол Петербургтің медико-хирургиялық академиясында профессор атағымен көп жыл жұмыс істеген.

Дереккөздер

Санат:Ақ қыран орденінің (Ресей империясы) иегерлері Санат:I дәрежелі Әулие Анна орденінің иегерлері Санат:2 дәрежелі Әулие Владимир орденінің иегерлері