Балықшы — Атырау облысының Атырау қалалық әкімшілігіне қарасты болған кент, 2013 жылы Атырау қаласына қосылды. Бұрынғы Балықшы кенттік әкімдігі Балықшы ауылдық округі болып қайта құрылдыАтырау облысы Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралыБалықшы - қаланың бір бөлігі.
Атырау қаласынан оңтүстікке қарай 4 км жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында, шөлді белдемде орналасқан. Іргесі 1937 жылы балық-консервілеу комбинатын салуға байланысты қаланған. Тұрғыны 18,6 мың адам (1998). Балықшыда ірі консервілеу комбинаты, балық-уылдырық, кеме жөндеу зауыттары, тұрмыс қажетін өтеу мекемелері, 3 орта мектеп, теңіз-балық колледжі, мәдениет үйі, 2 аурухана, бала бақшалары бар. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Балықшыдан Ақтау мен Астрахан қалаларына кеме қатынайды.Қазақ Энциклопедиясы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6, 27, 37 баптарына сәйкес Атырау облысы бойынша 2013 жылы 11-сәуірде Балықшы кенті Атырау қаласына қосылды.
Дереккөздер
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Санат:Атырау Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері