Зəмзəгүл Нүсіпбайқызы Шəріпова (31 тамыз 1931 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы) — ҚазКСР халық әртісі, Құрмет Белгісі орденінің иегері.
Кызмет жолы 1966 жылы Қазақ КСР халық əртісі. 1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап Қазақфильм студиясында жəне Қазақ радиосында қызмет етті. 1953 жылы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды.
Ойнаған рөлдері Ə.Əбішевтің "Кім менің əкем?" атты драмасындағы Лағыл Ақтоқты (Мүсіреповтың "Ақан сері - Ақтоқтысында") Айжан (Мұқановтың "Шоқан Уəлихановында") Дездемона (Шекспирдің "Отеллосында") Дəмеш (Тəжібаевтың "Көңілдестерінде") Нұрсұлу (Байсейітов пен Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айы" мен "Ой, жігіттер-айында") жəне т.б.Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Алматы баспасы
Дереккөздер
Санат:1931 жылы туғандар Санат:31 тамызда туғандар Санат:Қазақстан халық әртістері