'Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы (1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Черновая ауылы) – мемлекет қызметкері, заң ғылым кандидаты. (1977), Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессор (2007). Өскемен педагогикалық институтын бітіріп (1990), сонда машықтанушы, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 2000 – 07 жылы ҚР мемлекеттік қызмет ісі агенттігі басқармасында (Шығыс Қазақстан облысы бойынша) Тәртіп кеңесінің төрағасы, 2007 жылдан сол агенттікте Ақмола облысы бойынша Тәртіп кеңесінің төрағасы. Жұмағұлов – 20 ғылыми еңбектің (құқық реформасы және мемлекеттік қызмет мәселелеріне арналған) авторы. Медальдармен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Шығыс Қазақстан облысы тұлғалары