Қызыл қунақ () — Қунақ тұқымдасының Құралайлар туысының ірі денелі (50-65г) құсы.

Ересек аталықтың басы басы және төсі-күмістей жылтыр қызғылт қауырсынды ашық қызыл, ал құйрықүсті-ашық қызғылт. Аналығының реңі - қошқыл үзбе сызықтар бойлай созылған сұрғылт қоңыр, құйрықүсті-жасылдау сары. Орталық Азияның биік тауларында ғана мекендейді. Қазақстанда бұл сирек кездесетін және зерттелмеген қунақ, тек қана мынадай үш жерден: Батыс және Солтүстік Тәңіртауда және Жоңғар Алатауында кездескен. Оның Қазақстандағы ең анық ұялау орны - Іле Алатауының Үлкен Алматы шатқалы. Бұл қунақтың бұған дейін дүние жүзіндегі әзірше жалғыз ұясы 1967 жылы шілдеде ең алғаш осы орыннан табылған.

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер Санат:Азия құстары