Жүнісов Қалжабай (1922 – 70) – еңбек ардагері, агроном. Чаглинск (Шағалалы) ауыл шаруашылығы техникумын бітірген (1942). «Социалистік құрылыс» ұжымшарында есепшінің көмекшісі, Астрахан ауданы Жамбыл атындағы ұжымшарда (1950), «Советская Конституция» атындағы ұжымшарда төраға, «Путь к коммунизму» кеңшарында директор қызметтерін атқарған (1961). Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендері, 2 мәрте КСРО көрмесінің Алтын медалімен марапатталған.Қазақ Энциклопедиясы
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:Тұлғалар