Пальма-де-Мальорка (, ) — Испанияның Балеар аралдары провинциясының бас қаласы және порт. Мальорка аралының Пальма айлағында орналасқан. Ұзындығы - 25км, ені - 20км. Қала үлкен туристік орталық болып саналады. Халық саны - 407 648 (2012).
Экономика thumb|270x270px|Бельвер бекінісі thumb|270x270px|Пальма шығанағындағы күннің батуы Пальма-де-Мальорка қаласында жібек маталардың, қағаздың, сабынның, шамның, былғары тауарлардың, жиһаздың, музыкалық аспаптардың, жасанды маржанның өнімдері бар. Айлақ пирспен қорғалған (ұзындығы 385м) және осы жерде үлкен кемелерге арналған маяк бар.
Ішуге жарамды судың аз болғаны Пальма-де-Мальорка қаласының дамуына зиян тигізеді.
Пальма-де-Мальоркада үлкен халықаралық әуежай бар. 2007 жылы жер астымен жүретін қалалық электрлік темір жол ашылды.
Қалалық көлік Пальма-де-Мальорка қаласында автобус маршруттары және жер астымен жүретін қалалық электрлік темір жол жүйесі жұмыс істейді. Трамвай сызығын соғуды жоспарлап жатыр. Бұл қалада 31 автобус маршрут бар.
Бауырлас қалалар Лас-Пальмас-де-Гран-Канария, Испания Альгеро, Италия Дюссельдорф, Германия Мар-дель-Плата, Аргентина
Астрономия Пальма-де-Мальорка қаласының құрметіне 1893 жылы ашылған астероид (372) Пальма деп аталған. Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер larivera.info
Санат:Пальма-де-Мальорка