Әския - өзбек фольклорының термині, әзіл-қалжың, тапқыр күлкіге негізделетін жанрлық түр, табан астында ауызша айтылатын өткір мысқыл-сықақ.

Көбінесе біреудің сөзін біреу іліп әкетіп, тосын жауап қайырады. Бұл жағынан алғанда әския айтыс үлгісіне жақындайды. Бірақ негізінен қара сөз түрінде айтылады. Әския айтуға шебер адамды эскияваз деп атайды. Әския Орта Азия жазушыларының әдеби шығармаларынан аракідік ұшырасып қалады. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан әдебиеті Санат:Сатира Санат:Айтыс