Малай – Шығыс Каспий алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Мұғалжар тауының оңтүстік-батысындағы Шошқакөл бұйратының батысынан алып, Маныссай өзеніне Кедейдектау тауы тұсында құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 60 км. Жағалауы жарқабақты, биіктігі 1-2 м-ге жетеді. Жар асты, жауын-шашын суларымен толығады. Арнасымен көктемде 10-15 күндей су ағып, кейін қарасуларға бөлініп қалады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Байғанин ауданы өзендері