Гурий Борисович Хан (27 мамыр, 1931 жылы туған, Ресей, Приморск өлкесі, Никольск-Уссурийск ауданы Пуциловка станциясы) – философия ғылымдарының докторы (1987), профессор (1988).
Өмірбаяны ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы облысы партия комитеті аппаратында қызметкер (1954–1969) Алматы жоғары партия мектебінде кафедра меңгерушісі, 1-проректор (1969–1994) болған. 1995 жылдан Қазақ мемлекеттік заң академиясында ғылыми қызмет атқарды.
Ғылыми еңбектері «Диалектика внешних и внутренних условий современной национально-демократической революции» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.
Марапаттары «Достық» орденімен марапатталған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:27 мамырда туғандар Санат:1931 жылы туғандар Санат:Приморье өлкесінде туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің профессорлары Санат:Достық орденінің иегерлері