Astana Dragons (қазақша – Астана Айдаһарлары) — Қазақстанның киберспорт ұйымы. 2013 жылдың шілдесінде құрылған. Ұйымның демеушісі - Қазақстан киберспорт федерациясы.
Жоба жайлы Жобаның басты бағыты — Counter-Strike (Контр-Страйк) ойыны. Біраз уақыт өткен соң Point Blank және LOL секілді ойындардан құрама командалар құрды. Әр бағыттағы командалардың өз ұйымдастырушылары бар. Контр-страйк ойынының ойыншылары үшін Киевтен пәтер жалға алынып жаттығулар өткізілген. 2013 жылдың желтоқсанынан бастап Astana Dragons командасы ImbaServer.NET атты ресейлік хостинг сервермен келісім шартқа отырған.
Counter-Strike: Global Offensive 2013 жылдың шілдесінде CS GO ойынына арналған ең бірінші команда құрылды, және ол негізгі команда болып тағайындалды. Айдаһарлардың ең бірінші жеңісі Techlabs Cup UA 2013 болды. Айдаһарлар қарсыластарын жеңіп, онлайн іріктеуді ойлағандай өтті. Киевта өткен лан финалда, ойыншылар Fnatic командасын 2:0 есебімен жеңді. Келесі Dream Hack деген лан турнир Румынияда өтті. Айдаһарлар топтпн бірінші орынмен шықты. Келесі турда n!aculty командасын жеңіп жартылай финалға өтті, алайда олар 2:1 есебімен NIP командасына жеңілді. Нәтижесінде олар 3-4 орынды Украиндік NA’VI командасымен бөлді. 2013 жылдың қарашасының басында ESWC әлем чемпионатында 3 орынға иеленді. Әлем чемпионатынан кейін командада бірнеше өзгерістер орын алды. Ұйымнан Иоанн Сухарёв шығып кетті, оның орнына Арман Масин есімді киберспортшы шақырылды. Жаңа құрама командамен DreamHack Winter 2013 чемпионатына дайындала бастады, бірақ топтан екінші орынмен шығып 1/8 финалда американдық compLexity командасына ұтылып, чемпионаттан ұшып кетті. Жылды сәтті аяқтаймыз деп үміттенген команда өз мақсаттарына жете алмай қалды. SLTV StarSeries-тің сегізінші маусымында команда тек қана төртінші орынға ие болды. Ұйым жабылғаннан кейін команда қатысушылары ұйымсыз ойнап жүрді бірақ EMS Katowice 2014 турнирінің алдында команданы HellRaisers ұйымы келісім шартқа отырды.
Бұрынғы ойыншылар 2013 жыл 19 шілде — 6 қараша аралығында ойнаған ойыншылар. Егор «Markeloff» Маркелов «ANGE1» Карасёв «Edward» Сухарёв Даурен «AdreN» Кыстаубаев Михаил «Dosia» Столяров
Жетістіктер Орын Турнир Өткен қала Өткен уақыты Жүлде қоры 5-8 Mad Catz Invitational 2013 Кёльн 20 тамыз 2013 жыл жоқ TECHLABS Cup Ukraine 2013 Киев 1 қыркүйек 2013 жыл 3 500$ 3-4 FACEIT Cup August 2013 online 9 қыркүйек 2013 жыл 150$ 3-4 DreamHack Bucharest 2013 Бухарест 14-15 қыркүйек 2013 жыл 1500$ 7-8 MSI Beat it! 2013 European Finals online қыркүйек 2013 жыл Жоқ RaidCall EMS One Fall 2013 Cup #3 online 17-18 қыркүйек 2013 жыл 600$ ESWC Украина 2013 Киев 6 қазан 2013 жыл финалға квота SLTV StarSeries VII Киев 10-13 қазан 2013 жыл 4000$ Electronic Sports World Cup 2013 Париж 1-2 қараша 2013 жыл 5000$ FACEIT Cup October 2013 online 14 қараша 2013 жыл 800$ TECHLABS Cup 2013 Grand Final Мәскеу 16-17 қараша 2013 жыл 10000$ 5-8 DreamHack Winter 2013 Йёнчёпинг 28-30 қараша 2013 жыл 10000$ 5-8 Fragbite Masters 2013 online қараша-желтоқсан 2013 жыл 700$ 5 ESEA Invite Season 15 Europe online қараша-желтоқсан 2013 жыл жоқ 4 SLTV StarSeries VIII Киев 20-22 желтоқсан 2013 жыл 1500$
Статистика Турнирлер бойынша жинақы статистика Жыл Турнирлер саны 1 орын 2 орын 3 орын Жүлде қоры Адам басына берілетін жүлде 2013 15 5 1 3 37 750$ 7 550$
Point Blank 2013 жылдың 9 қазанынан бастап жобада Point Blank дивизионы пайда болды, Айдаһарларға A-Gaming командасының ойыншылары жиналды.
Бұрынғы ойыншылары Денис «Gray» Данилюк Кирилл «Belgiume» Лукьянов Сергей «Push» Ивлев Олег «z1» Коновнин Родион «PVO» Строганов Кирилл «Makko» Башкатов
Жетістіктері Орын Турнир Өткен қала Өткен уақыты Жүлде қоры SLTV StarSeries VII Киев 10-13 қазан 2013 жыл 2500$ TECHLABS Cup 2013 Grand Final Мәскеу 16-17 қараша 2013 жыл 2000$ SLTV StarSeries VIII Киев 21-22 желтоқсан 2013 жыл 8000$
League of Legends 2013 жылдың 26 қарашасында пайда болған үшінші League of Legends дивизионы, бүкіл бестік польшалық мықты ойыншылар.
Бұрыңғы ойыншылар Марцин «Xaxus» Мазцка Марцин «Jankos» Янковский Ремигий «Overpow» Пуш Павел «Celaver» Коприанюк Оскар «VandeRnoob» Богдан
Жетістіктер Орын Турнир Өткен қала Өткен уақыты Жүлде қоры DreamHack Winter 2013 Йёнчёпинг 20-30 қараша 2013 жыл 5250$
Дереккөздер Санат:Киберспорт Санат:2013 жыл