Кіріпбас — өзімен аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық су өсімдіктері. Қазақстанда өзен жағалауларында, су басқан шалғында өсетін 4 түрі бар. Әсіресе жабайы кіріпбастың айрықша маңызы бар. Биіктігі 10-100 см. Сабағы бұтақталып біткен. Жапырағы қос қатарлы, кезектесіп орналасқан, таспа пішіндес, түбінде қынабы бар. Гүлі дара жынысты, ұсақ, жұмыр гүлі қою, шар пішіндес, оның аталық гүлі жоғары, ал аналығы төмен орналасқан. Маусым-тамыз айларында гүлдеп, шілде-қыркүйекте жемістенеді. Жемісі — жаңғақ. Дәнімен су құстары қоректенеді."Атамекен"географиялық энциклопедия Дереккөздер
Санат:Су өсімдіктері