Күркіреусу — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округі құрамындағы ауыл, темір жол бекеті.

Тарихы Түркістан-Сібір теміржолы салынған XX ғасырдың 20 жылдары теміржол жағасына алғашқы теміржол бекетінің ғимараты мен бірнеше жұмысшы үйлері бой көтерген болатын. Теміржол магистралының солтүстік қапталынан әйгілі Теріс өзені ағады. Бұл өзен дәл осы араға келгенде Қаратаудың жақпар тастарын соққылай сарқырама сияқты гүрілдеп, күркіреп құлай ағады. Теріс өзенінің осы бөлігін жергілікті халық "Күркіреусу" деп атағандықтан теміржол бекетіне де осы атау берілген.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік-шығысында 25 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен122 100 82 58 47 81 64 53 82,8

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері