Доманьяно (итал. Domagnano) — Сан-Мариноның тоғыз коммунасының бірі. 2010 жылы 2999 адам тұрған. Коммунаның жалпы аумағы — 6,62 км². Фаэтано, Борго-Маджоре, Серравалле, Кориано коммуналарымен шектесіп жатады.

Коммунаның негізгі пункті — Монтелупо (Қасқырлы тау). Оның елтаңбасында жүгіріп бара жатқан қасқыр, артында Монте-Титано тауы және Адриаттық теңіз көрінеді.

thumb|right|200px|

Тарихы Коммунаның оңтүстігі бөлігі құралған уақытынан бері Сан-Марино республикасының аумағына кіреді. 1463 жылы территориясы Монтелупа жеріне дейін кеңейді.

Аумақтарға бөлінуі Коммуна 5 бөлікке бөлінген: Ка-Джаннино (Cà Giannino) Фиорина (Fiorina) Пиандивелло (Piandivello) Спакио-Джаннони (Spaccio Giannoni) Торракия (Torraccia)

Санат:Сан-Марино қалалары