Полисто —Ресейдің Псков облысындағы Бежаниц ауданында орналасқан көл.

Жалпы аумағы — 30,6 км², ең терең жері — 2,4 м, орташасы — 1,6 м. Осы өзен бойынан арықтар, каналдар қазу нәтижесінде соңғы 50 жылда өзен аумағы кішірейіп, тереңдігі 2 есе азайды. Ал бұрынғы кезде жалпы аумағы — 31,6 км², ең терең жері — 5,3 м, орташасы — 1,5 м болған.

thumb|right|200px|

Көл сопақ тәрізді. Полисто көлінен Полисть ,Цевла, Осьянка өзендері бастау алады.

Көлдің түбі құмды-тасты, тегіс. Жағасы төмен, батпақты. Көл суының құрамында кальций, темір өте аз мөлшерде бар .

Көлдің 7 % биомассасын көк балдырлар құрайды. Көлде алуан түрлі балықтар кездеседі: лещ, шортан, сом, уклея, чехонь, ерш, линь, алтынды карась, шаян, т.б.

Полисто көлінің бойында Ухошино, Веряжа, Ручьи және Чилец, Шипово қыстақтары орналасқан.

Қолданылған әдебиеттер Туристтік энциклопедия(орыс тілінде) Псков жаңалықтары Г. Я. Рыжавский «Балтық бойындағы көлдер мен өзендер» М.:1997 Псков облысының картасы

Санат:Псков облысы көлдері