Пауло Бруно Эсекьель Дибала (; испанша айтылуы [ˈpaulo ðiˈβala]; 1993 жылы 15 қарашада туған, Лагуна-Ларга, Кордова) — аргентиналық футболшы, "Рома" клубы мен Аргентина Ұлттық құрамасының шабуылшысы.
Паулоның атасы - польшалық, ал көп ата-бабалары Италиядан болады. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Клубтық мансабы нобай|солға|Палермо сапында «Институто» Дибала өзінің мансабын «Ньюэлл Олд Бойз Лагуна-Ларга» футбол клубында бастаған. 10 жасында ол екінші дивизиондағы «Институто» футбол клубыңа ауысты. 15 жасында Паулоның әкесі қайтыс болды, содан кейін Пауло футболшы болатынын шешті.
12 тамыз 2011 жылы «Уракан» футбол командасыңа қарсы футбол өзінің бірінші кездесуін өткізді. Ал бір аптадан сон өзінің екінші ойынында «Альдосиви» футбол командасыңа қарсы өзінің бірінші голын соқты. 7 айдың ішінде Дибала екі хет-трик авторы атанып 17 гол соқты. Пауло Марио Кемпестің рекордың жанартты, бұл жетісітікті Пауло 17 жасында қойды. Ал рекорд 1972 жылдан бері тұрған және Пауло чемпионатта 7 ойынның барлығында гол соққан.
«Палермо» 29 сәуір 2012 жылы италиялық «Палермо» футбол клубының президенті Маурицио Дзампарини Пауломен келісім шартқа отырғаны түралы айтты. Бірақ сол күні «Институто» футбол клубынан бұл ақпарат дұрыс емес екені туралы хабарлама келді. 20 шілде Дибала италиялық ұжыммен 4-жылдық келісім шартқа отырды. 2 қыркүйек «Лациоға» қарсы Пауло Серия А біріншілігінде өзінің бірінші кездесуін өткізді. 11 қараша «Сампдорияға» қарсы Дибала «дубль» авторы атанды. Ол «Палермо» тарихындағы гол соққан ең жас ойыншы болды.
«Ювентус» нобай|солға|2017 жылы «Ювентус» құрамында 4 маусым 2015 жылы Пауло «Ювентус» футбол клубына ауысты, футболшы 5 жылдық келісімшартқа отырды. Трансфер құны €32 млн еуро болды. 8 тамыз Италия Суперкубогының кездесуінде «Лациоға» өзінің бірінші кездесуін өткізді. Бұл кездесуде футболшы «Ювентус» сапында бірінші голын соқты. 23 тамыз «Удинезеге» қарсы Дибала чемпионатта жаңа командасының сапында дебютін өткізді. 30 тамыз «Рома» футбол клубының қақпасына «Ювентус» сапында чемпионаттағы бірінші голын соқты, ал келесі ойында тағы бір рет қарсыластарының қақпасыңа голын соқты. 23 ақпанда 2015 жылғы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында Бавария қақпасына гол соқты. Бұл голы аргентиналық футболшының Чемпиондар Лигасындағы соққан алғашқы голы. Өзінің Ювентус сапындағы бірінші маусымында команданың үздік сұрмергені болып Серия А чемпионы атанды. 2016 жылы жазда Поль Погба «Манчестер Юнайтед» сапына ауысына қарай өзіңе 10 нөмірді алды.
«Рома» 2022 жылдың 20 шілдесінде Дибала Италияның «Рома» клубына еркін агент ретінде ауысты. Форвард 2025 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Пауло бұрын Франческо Тотти клубының аңызы ойнаған 10-шы нөмірді алады деген қауесетке қарамастан, Дибала өзіне таныс 21-ші нөмірді алды.
Ұлттық құрамада
14 қазан 2015 жылы Аргентина Ұлттық футбол құрамасы оны Парагвайға қарсы ойынға шақырды. 2015/16 маусымда өте керемет ойын көрсетседе Аргентинаның бас бапкері Тата Мартино шабуылшыны Ұлттық құрамаға қоспады.
Жетістіктері Командалық
«Палермо»
Б сериясының жеңімпазы: 2013/14
«Ювентус»
Италия чемпионы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Италия кубогы (3): 2015/16, 2016/17, 2017/18 Италия суперкубогы (2): 2015, 2018
Дереккөздер
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Институто ФК ойыншылары Санат:Палермо ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары