thumb|250x250px|Израильдің Ашық Университетінің корпустарының бірі Израильде қазіргі уақытта академиялық дәрежені беретін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін 9 жоғары оқу орны жұмыс істейді .
Университеттерден басқа Израильде 50-ге жуық академиялық дәрежені беретін академиялық коледждер жұмыс істейді. Алайда бұл оқу орындары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбейді. Университеттер жоғары оқу орындары Кеңесінің қол астында жұмыс істейді. 2006 жылы Израильдің университеттерінде 153 мың студент білім алып тұрған.
Университеттер Оқу орныҚалаАшылған жылы 2006 ж. студенттер2013 ж. студенттер Технион Хайфа 1924 12 490 13 703 Еврей университеті Иерусалим 1925 21 640 20 624 Вейцман Институты Реховот 1949 980 1 080 Бар-Илан Университеті Рамат-Ган 1955 17 910 18 569 Тель-Авив университеті Тель-Авив 1956 26 490 27 191 Хайф университет Хайфа 1963 16 780 18 028 Бен-Гурион Университеті Беер-Шева 1969 17 910 18 569 Ариэль университеті Ариэль 2005 10 600 Ашық Университеті 1976 39 000 44 706 2005 жылы Израиль үкіметімен Галилеядағы университеттің ашылуы туралы және Ариэльдегі колледжге унимерситет статусын беру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар бұл жылы Бар-Илан атындағы университет Цфатта медициналық мектеп ашты.
Израильдегі студенттердің жалпы саны (тек университеттер емес) ЖылСтуденттер саны 1948 ~1 600 1958 ~9 000 1970 ~35 000 1980 ~56 000 1990 ~76 000 2000 ~166 000 2006 ~245 000
2003 жылға 25-64 жас аралығындағы адамдардың 29 пайызы академиялық дәрежеге ие болған. Бұл көрсеткіш әлемде екінші орында тұрады(Норвегиядан кейін) және АҚШ-тағы көрсеткішке тең.
Дереккөздер
Сілтемелер Education in Israel in 2003 — an International Comparison