Ашылуы Халықтың көптен күткен арманы орындалып, 2008 жылы Павлодар қаласының 2-Павлодар мөлтек ауданында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы Бас Мүфти Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің қолдау көрсетуімен жаңа мешіт пен медресе бой көтерді.

Толықтай мәлімет Жасыл күмбез жадырап, алыстан көз жауһарын өзіне тартатындай әсем де шағын мешіт пен өскелең ұрпақтың көзін ашып, көкірегін оятатын білім ордасы болған медресені жаңадан салып, халық арманының жүзеге асуына барша ынта-ықыласымен қаржылай демеушілік етіп атсалысқан Железинка ауданына қарасты Озерный ауылының тумасы Сапаров Абай ағамыз болатын. Әбу Бәкір Сыддық мешіті екі қабаттан тұрады. Үстінгі қабатта ер кісілер намаз оқитын үлкен зал мен Бас Имамның басқару бөлмесі де орналасқан. Астынғы қабатта әйел кісілердің намаз оқитын оңаша залы мен Құран оқытам деушілерге арнайы Құран оқытатын жеке бөлмемен жабдықталған. Сонымен қатар астынғы қабатта Құран, тәжуид, Фиқһ пәндері бойынша діни сауатын ашам деушілерге арнайы бөлмелер мен кітап оқып санасына саңылақ ұялатам деушілерге кітапханамен де қамтылған. Оған қоса есепшінің бөлмесі де қарастырылған. Мешіттің жалпы ауданы 408,6 ш.м. Ғимараттың көлемі 2745. Мешіт Крылов көшесі мен Салтыков-Щедрин көшелерінің арасында, Мүткенов 52 көшесінің бойында орналасқан. Сондай-ақ, Павлодар медресесі «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің жанында орналасқандықтан медресенің атын да мешіттің атымен сәйкестендіріп, «Әбу Бәкір Сыддық» деп аталуымен қатар 2 жыл 10 айлық білім беру ордасы болып бекітілді.

Сілтемелер http://e-islam.kz/qazaqstan-musylmandary-dini-basqarmasy/item/796-eislam

Санат:Қазақстан мешіттері