Алтынды (2007 жылға дейін – Юбилейный)Мұғалжар ауданының "Юбилейный" кентін - Алтынды ауылы деп қайта атау туралы — Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылдық округі құрамындағы ауыл. КАТО коды — 154847300.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км-дей жерде, округ орталығы - Қайыңды ауылынан батысқа карай 29 км-дей жерде орналасқан.

Инфақұрылымы Орта мектеп, амбулатория және т.б. салалар бар.

Транспорты Елді мекен арқылы Қайыңды-Қандыағаш тас жолы өтеді.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 574 адам (294 ер адам және 280 әйел адам) болса, 2009 жылы 551 адамды (276 ер адам және 275 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 516 адамды (272 ер адам және 244 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы елді мекендері