Жарсуат ауылдық округі — Атырау облысы Индер ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Жарсуат, Ақтан, Кетебай, Құрылыс, Қызылжар ауылдары кіреді. Орталығы – Жарсуат ауылы"Қазақ энциклопедиясы", X том.
Тарихы Жарсуат ауылдық округі 1920 жылы Ақтөбе, Отаркөл, Сарышығанақ, Индер тауының шығыс жағындағы тұрғындарды біріктіріп, Ақтөбеде алғашқы кеңес құрылған. 1925 жылы Томарөткел (Өтеген төбе) жеріне көшіп келген, 1931 жылы Жарсуат деп аталып, екінші ауылға орналасқан, Жарсуаттың іргесі қаланған. 1942 жылы су тасқынынан үйлер құлап, қазіргі Жарсуат ауылы орнына көшірілген. Ауылдық кеңеске 1951 жылдары бұрынғы Қызылжар ауылдық кеңесі, 1954 жылы Қазбек, Құрылыс ауылдық кеңестері қосылған.Жарсуат ауылдық округінің құрылу тарихы
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 2696 адамды құрайды.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары +Елді мекенХалқы,адам (1989)Халқы,адам (1999)Халқы,адам (2009)Халқы,адам (2021) Жарсуат 1554 1648 1887 1964 Ақтан - 106 56 26 Кетебай 186 187 136 37 Құрылыс 467 614 650 599 Қызылжар 159 95 108 70
Дереккөздер
Санат:Индер ауданы ауылдық округтері