Сэр А́лан Ллойд Хо́джкин (, 5 ақпан, 1914, Банбери, Англия — 20 желтоқсан, 1998) — британдық нейрофизиолог және биофизик, «жүйке жасушаларының перифериялық және орталық бөліктеріндегі қозуы мен тежелуінің иондық тетіктеріне қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1963 жылғы лауреаты (Джон Эклс және Эндрю Хакслипен бірге).

Өмірбаяны Кембридж университетін бітірді (1936).1937-38 жылдары АҚШ-та ғылыми іс-сапарда, Ұлыбританияда Теңіз биологиясы ассоциациясының Плимуттағы лабораториясында жұмыс істедіі (1938-39). 1939-45 жылдары Ұлыбритания Әскери - әуе күші министрлігінде және авиация өнеркәсіп министрлігінде ғылыми кеңесші болды. 1945 жылдан Кембридж университетінде қызмет істеді (1952 жылдан пофессор). 1971 жылдан Лейстер университетінің канцлері. 1959 - 65 жылдары Ұлыбритания ұлттық медицина щерттеу кеңесінің мүшесі, 1966 жылдан Ұлыбритания Теңіз биологиясы ассоциациясының президенті. Негізгі еңбектері нерв клеткаларының физиологиясы, нервтің қозу және тежелу механизміне арналған. Нерв импульсінің электрлің табиғатын дәлелдеді. Дания корольдық ҒА- ның (1964), Америка өнер және ғылым академиясының (1962), Германия "Леопольдина" табиғат зерттеушілер академиясының (1964) шетелдік мүшесі.

Марапаттары Корольдік медаль (1958) Физиология мен медицина саласында Нобель жүлдесі (1963) Копли медалі (1965)

Ғалымның астроном құрметіне Людмила Карачкина Қырым астрофизикалық обсерваториясында, 23 желтоқсанда 1982 ж. ашылған астероид аталған (5422) Hodgkin.

Тағы қараңыз Модель Ходжкина — Хаксли

Сілтемелер Алан Ходжкиннің Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны. Алан Ходжкиннің Нобельдік дәрісі.

Санат:5 ақпанда туғандар Санат:Банбериде туғандар Санат:20 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Кембриджде қайтыс болғандар Санат:XX ғасыр биологтары Санат:XX ғасыр физиктері Санат:Ұлыбритания нейробиологтары Санат:Ұлыбритания нейрофизиологтары Санат:Ұлыбритания биофизиктері Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Копли медалінің иегерлері Санат:Корольдік медаль иегерлері Санат:Корольдік қоғамның президенттері Санат:Британ империясы орденінің рыцар-командорлары