Кристина Лотарингская (, 16 тамыз 1565 – 19 желтоқсан 1637) — ұлы Тоскан герцогинясы.
Өмірбаяны left|thumb|222x222px|Кристинаның әжесі - Екатерина Медичи Кристина 1565 жылы Нансида дүниеге келді. Оның әкесі герцог ІІІ Карл, ал анасы Клод Валуа – Екатерина Медичидің қызы болды. Атын ол әкесінің әжесінің құрметіне алды. 1575 жылы анасының қазасынан кейін, Кристина әжесінің сарайында, Парижде тұрды.1587 жылы І Франческо артынан мұрагер қалдырмай, қайтыс болады. Осыдан кейін оның ағасы Фердинанд өзін өзі жаңа герцог болып жариялайды. Өзінің политикалық тәуелсіздігін сақтап қалу үшін ол өзіне қалыңдық іздейді. Оның таңдауы Кристинаға түсті. Екатерина Медичи бұл некеге барынша ынтасын жұмсады. Себебі, бұл неке Тоскан жерін Францияға тәуелді етер еді. Әжесінің өлімі Кристинаның Франциядан кетуін тежейді. Ол жолға тек 1589 жылы 28 ақпанда шығып, Флоренцияға 30 сәуірде жетеді.
Сенімхат бойынша неке 27 ақпанда құрылды, ал ресми неке тойы 3 мамырда өтті. Жасалған дүркін мейрам XVI ғасырдағы Еуропаға үлкен әсер қалдырды. Кристина өзімен бірге бай жасау әкелді: 600 000 қолда бар сома және 50 000-ға жететін әшекей бұйымдар. Сондай-ақ Екатерина Медичидің өлімінен кейін Урбино герцог атағын еленді. left|thumb|Кристинаның анасы - Клод Валуа Кристина 1637 жылы 19 желтоқсанда Флоренцияда қайтыс болады.http://genealogy.euweb.cz/lorraine/lorraine4.html
Балалары Козимо (1590—1621), ұлы Тоскан герцогы. Элеонора (1591—1617) Екатерина (1593—1629). Франческо (1594—1614) Карло (1595—1666), кардинал Филиппино (1598—1602) Лоренцо (1599—1648) Мария Маддалене (1600—1633) Клаудия (1594—1648).
Дереккөздер