Бәйгетөбе ауылдық округі — Атырау облысы, Мақат ауданы құрамындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Бәйгетөбе, Ескене ауылдары кіреді. Округ аумағындағы №377, №402 (ПМС), №472 темір жол айрықтары мен Мұнай айдаушылар (НПС) елді мекені Бәйгетөбе ауылының, №414, №441, №469 (Таскескен) темір жол айрықтары Ескене ауылының құрамына енгізілген. Орталығы – Бәйгетөбе ауылыАтырау облысында жаңа ауылдық округтер құрылуда .
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1838 адамды (957 ер адам және 881 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Округ алғаш рет 2013 жылы Атырау облыстық мәслихатының қаулысы бойынша Мақат кентінің шекарасы өзгертіліп, оның құрамынан жалпы көлемі 3600 гектар аумақ бөлініп, құрылдыАтырау облысының Мақат ауданында Бәйгетөбе ауылын және Бәйгетөбе ауылдық округін құру туралы.
Дереккөздер
Санат:Мақат ауданы ауылдық округтері Санат:2013 жылы пайда болғандар